Погода в Павлодаре gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Павлодар

 Погода в Астане gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Астана

 Курс валют

Курсы валют: курс доллара, курс евро

 Заказ такси

34-34-34


"Павлодар әуежайы" АҚ


Шишов_1.JPG
Шишов Марат Ғалымұлы

Басқарма Төрағасы
Павлодар Әуежайы АҚ

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің қаулысына сәйкес 28.12.98 ж. № 747 « «Әуе-Ертіс» және «Үлбі» акционерлік қоғамдарын қайта құру туралы» (тіркеу туралы куәлігі 28.05.1999 ж. 6915-1945-ААҚ ) «Павлодар әуежайы» ашық акционерлік қоғамы (қазіргі уақытта акционерлік қоғамы) «Әуе-Ертіс» ААҚ-нан бөліну арқылы құрылған.

Қоғамның ұйымдастырушысы Павлодар қаласының аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті болып табылады. ҚР Үкіметінің шешімімен 2000 жылы акцияның 100%-ы Павлодар облысының коммуналдық Әкімшілік меншігіне берілді.

Жарғылық капиталдағы мемлекеттік үлесі – 100%.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 18.08.2006 ж. № 782 « «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін қабылдау туралы» «Павлодар әуежайы» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін қолдану және иелену құқығы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация Министрлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 24.10.2006 ж. № 1020 «Павлодар әуежайы» АҚ 100% акциялары «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін табыстау туралы» «Самұрық» холдингі» АҚ табысталды. Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен «Ұлттық экономиканың тұрақтылығы және бәсекелесуге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару бойынша Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамы және «Қазына» тұрақты даму қоры» акционерлік қоғамының бірігу жолымен «Самұрық-Қазына»(бұдан әрі - Қор) ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды. 1999 жылы әуежайға уақытша сызбасы бойынша халықаралық әуежай мәртебесі берілді.

Қазіргі уақытта Қоғам «Эйр Астана», «Сібір», «ЕвроАзияЭйр» авиакомпаниялар, сондай-ақ чартерлік және арнайы рейстерді қамтамасыз етеді. Ұшу географиясы А-320, А-321, А-319, В-737, В-757, F-50, CL-850, GL-5000, C-525, F-9006 ТУ-204 үздіксіз рейстердің Алматыға, Астанаға, Мәскеуге, Германияға, Санкт-Петербургке, Минскіге, Сочиге, Анталияға ұшулардан құралады.

в начало страницы