Погода в Павлодаре gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Павлодар

 Погода в Астане gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Астана

 Курс валют

Курсы валют: курс доллара, курс евро

 Заказ такси

34-34-34


Компаниясының қызметі

«Павлодар әуежайы» АҚ қызметінің мақсаттары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық стандарттарына сәйкес әуе кемелерінің, жолаушылардың, жол жүгінің, пошта және жүктердің үдіксіз, қауіпсіз және тиімді қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету;

2) табыс алу.

«Павлодар әуежайы» АҚ қызметінің негізгі түрлері:

  1. Азаматтық әуе кемелерін, жолаушыларды қабылдау, шығару және қызмет көрсету, жүкті, жол жүгін, поштаны өңдеу, оларды тексеру және бақылау.
  2. Әуеайлақ, әуежай, аэронавигация объектілерін ұстау, пайдалану және жөндеу.
  3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бақыланатын аймақта бақылау-өткізу тәртібін қамтамасыз ету.
  4. Азаматтық әуе кемелерінің ұшуларын жарық беру техникасымен қамтамасыз ету және әуежай, әуеайлақ және аэронавигация объектілерін қуатпен жабдықтау.
  5. Азаматтық әуе кемелерін, әуежай объектілері мен қызметтерді жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау.
  6. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға және басқа да арнайы автокөлік құралдарын тұтынушыларға ұсыну.
  7. Әуежайларда және азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипажды тамақтандыру.
  8. Азаматтық авиация саласында жолаушыларды, экипажды, халықты қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.
  9. Мүлік пен қызметкерлерді, сондай-ақ тасымалдау кезінде қорғауды қамтамасыз ету.
  10. Заңнамамен тыйым салынбаған басты мақсаттарға жетуге жәрдемдесетін өзге қызмет.

Қосымша қызметтер:

  1. Жақын орналасқан кәсіпорындарды қуатпен, сумен жабдықтау
  2. Авиациялық және өртке қарсы қауіпсіздігі жөніндегі қызметтер
  3. Автокөліктік қызметтер

«Павлодар әуежайы» АҚ қызметкерлерінің саны 242 адамды құрайды.

Әуе кемелеріне авиациялық отынмен май құю

Әуе кемелеріне авиациялық отынмен май құю ЖЖМ және АКҚ қызметтерімен жүзеге асырылады.

Май құю қызметі:

  1. Авиациялық ЖЖМ қабылдау, сақтау, май құюына дайындау және беру.
  2. Әуе кемелерін отынмен, авиациялық жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, отын май құюшыларды пайдалануымен май құю.
  3. Техникалық қызмет көрсетумен байланысты жабдықтарды, объектілерді және жүйелерді жөндеу.
  4. Технологиялық тізбектің барлық сатыларындағы авиациялық ЖЖМ сапасын бақылау – авиациялық ЖЖМ қабылдауынан әуе кемелеріне май құюына дейін.

2015 жылдың негізгі міндеттері:

1) Қазіргі жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алу

2) Әуежай инфрақұрылымын дамыту

3) Өндірістік көрсеткіштерді арттыру

4)  Даму стратегиясын бекіту.

Лицензия туралы ақпарат, 33.5 kb
еркін және қол жетімді қуаттар туралы ақпарат, 25 kb
Организационная структура, 19.27 kb
в начало страницы