Погода в Павлодаре gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Павлодар

 Погода в Астане gismeteo.ru

GISMETEO: Погода по г.Астана

 Курс валют

Курсы валют: курс доллара, курс евро

 Заказ такси

34-34-34


Корпоративтік басқару

«Павлодар әуежайы» АҚ корпоративтік басқару жүйесін Жалғыз акционердің қызығушылықтарын сақтау, барлық мүдделі тұлғалармен қатынастардың жүйелі теңдестіру құрылымы мен өз қызметінің тиімділігін арттыру құралы ретінде қарастырады.

Қоғамда корпоративтік басқару кодексі компания ішінде және нарықтың басқа да қатысушыларымен қатынастың жоғары деңгейдегі іскерлік этиканы қамтамасыз ету үшін өзінің қызмет үдерісінде Қоғамның ережелер жиынтығы мен ұсыныстары қолданылады.

Кодекстің мақсаты Қоғамның корпоративтік басқаруын жүйелендіру мен жетілдіру, тиісті дәрежедегі корпоративтік басқару стандарттарын қолдану, Қоғамның өзгермейтін дайындығын растауы мен басқарудың мөлдірлілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғам органдарының құрылымы мен құзыреті туралы ақпарат

Қоғам органдары:

  1. Жоғарғы орган – Жалғыз акционер;
  1. Басқару органы – директорлар Кеңесі, Қоғам қызметін жалпы басқару және Басқару қызметін бақылау;
  1. Орындаушы орган – Басқару, Қоғамның Басқарма Төрағасымен басқарылатын Қоғамның ағымдағы қызметін басқару;
  1. Ішкі аудит қызметі – Қоғам қызметін жетілдіру мақсатымен ішкі бақылау саласындағы бағалауы, тәуекелдермен басқарудың кеңесуін Қоғам қызметінің қаржылық-шаруашылық бақылауын қамтамасыз ететін орган.

Аталған органдардың құзыреті «Павлодар әуежайы» АҚ Жарлығымен анықталды.

Іскерлік әдепнама Кодексі

«Павлодар әуежайы» АҚ іскерлік әдепнамасының кодексі Қазақстан Республикасының заң және әдепнама нормаларын қолдану негізінде мүдделі тұлғалармен тиімді қатынасты және компанияны дамыту үшін басқару құралы болып табылады.

Қоғамның іскерлік әдепнама кодексі алғашқы кезде 2008 жылы (16.06.08 ж. № 3 хаттама) «Павлодар әуежайы» АҚ директорлар Кеңесі шешімімен бекітілді.

2011 жылы 28 наурызда (№ 22 хаттама) директорлар Кеңесімен жаңа редакцияда іскерлік әдіснама Кодексі бекітілді.

Негіз қалаушы корпоративтік құндылықтар Қоғамның қызметін қалыптастыру негізінде жалпы мүдделі тұлғалар мен қоғамға, қызметкерлердің адалдығы, сенімділігі мен кәсіпқойлығы, олардың еңбек тиімділігі, өзара көмек, бір-біріне сыйластық болып табылады.

Жұмысты ұйымдастыру тиімділігі Қоғам мен мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара қатынастарға негізделген. Өзара міндеттерді сақтау – сындарлы жұмыстың міндетті шарты.

Қоғамның қызметкерлері мен мүдделі тұлғалары өздерінің міндеттері ретінде жанжал қызығушылықтарын болдырмай, Қоғамның және Жалғыз акционердің қызығышылықтарын қабылдап, кәсіби қызметтерін тиімді, адал және парасатты орындауға тырысады. 



Ірі мәмілелер туралы ақпарат, 14 kb
Жарғылық капитал туралы ақпарат, 30.5 kb
Ішкі бақылау жүйесі мен тәуекелдермен басқару жүйесі туралы жалпы ақпарат, 30.5 kb
2012 жылдың қорытындысы бойынша КБ принциптерін қолдану туралы ақпарат, 119 kb
Корпоративтік басқарудың тәжірибесі туралы ақпарат, 156.5 kb
2013 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік басқару принциптеріне «Павлодар әуежайы» АҚ-ның еру мониторингі бойынша есебі, 70 kb
Тәуекелдермен басқару саласындағы тәсілдемелер мен принциптер, 43 kb
Құнды қағаздарды үлестіру туралы есеп-қисаптарды бекіту жөніндегі ақпарат, 16.3 kb
Сыртқы аудитор туралы ақпарат, 26 kb
Корпоративті оқиғалардың күнтізбегі, 56 kb
Политика уведомлений о предполагаемых нарушениях АО "Аэропорт Павлодар", 22.42 kb
в начало страницы